Жаңалықтар

Мысыр Жаңа Зеландияны жеңіп, G тобында көш бастады

Мұхаммед Салах мысырлықтарға жеңіс сыйлады / фото: egyptnt

Футболдан Әлем чемпионатының 2-туры аясында G тобындағы маңызды кездесу өтті. Жаңа Зеландия мен Мысыр құрамалары арасындағы матч жанкүйерлерге тартысты әрі голға толы ойын сыйлады.

Бірінші тайм: Жаңа Зеландияның басымдығы

Кездесуді Жаңа Зеландия құрамасы белсенді бастады. Ойынның 15-минутында Пейннің асырған бұрыштама добынан Сурман есеп ашып, Океания өкілдерін алға шығарды. Алғашқы 45 минут 1:0 есебімен Жаңа Зеландияның пайдасына аяқталды.

Екінші тайм: Мысырдың камбэгі

Екінші таймда мысырлықтар қарқынды үдетті. Ойын ағымын өзгертуге көшкен «перғауындар» бірінен соң бірі гол соқты:

58-минутта Зико таразы басын теңестірді – 1:1. Араға он минут салып, Мысырдың басты жұлдызы Мұхаммед Салах Зиконың ассистін голға айналдырып, құрамасын алға шығарды – 1:2. 82-минутта Салахтың пасынан кейін алаңға тыңнан қосылған Трезеге матчтың нүктесін қойды – 1:3

G тобындағы жағдай

Осы жеңістен кейін Мысыр құрамасы маңызды 3 ұпайға қол жеткізіп, 4 ұпаймен G тобында көш бастады.

ОрынҚұрамаОйынҰпайДоп айырмашылығы
1.🇪🇬 Мысыр244:2
2.🇮🇷 Иран222:2
3.🇧🇪 Бельгия221:1
4.🇳🇿 Жаңа Зеландия213:5

Жаңа Зеландия құрамасы 2 ойыннан кейін 1 ұпаймен соңғы орынға сырғыды. Ал Мысыр бұл жеңісі арқылы плей-офф (1/16 финал) кезеңіне бір табан тіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін H тобында Испания құрамасы алғашқы жеңісіне жеткен еді.