Lifestyle

Айгүл Иманбаева ауласынан тағы да дуаланған қуыршақ пен фотосуретін тапты

фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Актриса әнші Айгүл Иманбаева ауласынан тағы да дуаланған қуыршақ пен фотосуретін тапты.

Табылған сәтті бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.  Онда қуыршақтың ішіне актрисаның суреті салынғаны көрінеді.

«Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін. Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды  ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей-ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?» – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Мұның алдында ол бір қаскөйдің ұзақ уақыт бойы фотодағы бейнесіне ине шаншып, дуа жасап келгенін айтқан болатын.