Lifestyle

«Шет жүрсем сағынарым»: Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды

фото: instagram

Белгілі эстрада әншісі Нұрлан Өнербаевтың отбасында орны толмас ауыр қаза болды. Өнер иесінің анасы өмірден озды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп ән шырқап, бүкіл қазақ даласын елжіреткен Нұрлан Өнербаев өз жазбасында анасының жүз жасайтынына үміттенгенін жеткізді.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсын анашым», – деп жазды Өнербаев.

Нұрлан Өнербаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықтың сүйікті әншісі. Әр жылдары Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етіп, телерадио саласында жауапты басқарушылық лауазымдарды атқарған.

2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан.

Айта кетейік, бұған дейін композитор Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа «Анашым» әнін айтуға тыйым салған еді.