Жаңалықтар

Ақмолада жол апатынан бес адам қайтыс болды

toyota camry, Chevrolet Cobalt, тойота камри, дтп камри, шевроле кобальт, дтп кобальт
фото ЖИ арқылы жасалған

Ақмола облысында жол апаты болып, бірден үш көлік соқтығысты. Екі көлік сол мезетте жанып кеткен деп жазады жергілікті Nayza_kokshe басылымы.

Астана – Қорғалжын тасжолындағы Оразақ және Өтеміс ауылдарының арасында Toyota Land Cruiser, Toyota Fortuner және KIA RIO автокөліктері қақтығысты. Соққы салдарынан KIA RIO жол жиегіндегі орға ұшып кеткен. Ал жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен елорда ауруханаларына жеткізілді.

Басылымның атап өтуінше, апат кезінде жаңбыр жаумаған, қолайсыз ауа райы тіркелмеген. Сондықтан соқтығысуға адами фактор себеп болуы әбден мүмкін.

Өңірлік полиция департаменті бес адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ Павлодарда екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр. Changan CS75 және Skoda Rapid автокөліктері соқтығысып, Skoda жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.