Жаңалықтар

21 маусым күні түнде қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді (карта)

Дүмпуді Алматы тұрғындары да сезді / фото: shutterstock

21 маусымда Астана уақытымен түнгі сағат 22:58-де Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мәліметтерге қарағанда, жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,9 балл болған. Ол 19 км тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі қазақ-қытай шекарасынан бар болғаны 25 км жерде тіркелген.

Жер сілкінген орын картасы
Жерасты дүмпуі болған жердің картасы / фото: Google Maps

Дүмпу ошағына Жаркент, Шонжы қалалары жақын орналасқан. Дүмпу ошағының өзі Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы облысы аумағында жатыр.

Айта кетейік, дүмпуді Алматы қаласының тұрғындары да сезді. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазды. Дүмпу орнынан мегаполиске дейін – 315 км.