Lifestyle

Ләйлә Сұлтанқызы бизнес өкілдерін қазақ тілінде қызмет көрсетуге шақырды

Фото: instagram.com/sultankyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай
Фото: instagram.com/sultankyzy, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ләйлә Сұлтанқызы бизнес өкілдерін, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жастарды алдымен қазақ тілінде қызмет көрсетуге шақырды.

Танымал тележүргізуші әрі медиаменеджердің  пікірінше, қазақ тілінде қызмет көрсету тұрақты клиенттердің көбеюіне түрткі болады.  

«Қызмет көрсету саласында – кафе, бар, мейрамханада істейтін жастарға, даяшыларға кірген бетте мүмкіндігінше қазақша амандасыңдаршы деймін. Енді көріп тұр ғой. Мәселе – менің Ләйлә екенімде емес, қазақтың қызы екенімде. Сосын өзіне ыңғайлы тілде айта берсін. Сонда біз сізді жақсы көре бастаймыз. Құрметпен қарай бастаймыз. Тілге деген құрметіңізден жанашырлығыңыз, жұмысты жақсы көретініңіз білініп тұрады. Содан кейін сол жерге қайта қайта баратын боламыз. Бұл бизнес үшін жақсы емес пе?!» – деді Лейлә Сұлтанқызы.

Айта кететін жайт, Ләйлә Сұлтанқызы Алматыда өткен Fashion Week Almaty сән апталығында көзге түскен еді. Ол подиумға модель ретінде шығып, көпшілікті қайран қалдырды.