
Жапония үкіметі шетелдік азаматтар үшін елге кіру визаларының құнын көтеру туралы шешім қабылдады.
Министрлер кабинетінің жаңа қаулысына сәйкес, бір реттік визаның құны 3000-нан 15 000 иенге дейін өседі, ал көп реттік виза 6000-нан 30 000 иенге дейін қымбаттайды. Жаңа тарифтер 1 шілдеден бастап берілген өтініштерге қолданыла бастайды.
Билік мұндай қадамды экономикалық қажеттілікпен түсіндіреді.
Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги шешім барлық факторларды мұқият талдағаннан кейін қабылданғанын айтты.
«Бағаның күрт қымбаттауы шетелдік туристердің келуіне теріс әсер етпеуі тиіс», – деді ол.
Алымдардың қымбаттауынан түскен қосымша қаражат шетелдік резиденттердің жапон тілін үйренуіне, сондай-ақ елде заңсыз болумен күрес шараларын күшейтуге бағытталады.
Бұған дейін Вьетам билігі шетелдіктер үшін елге кіру талабын өзгерткен еді.