
41 жастағы Криштиану Роналду Өзбекстан құрамасының қақпасына алғашқы голды соқты. Португалиялық шабуылшы футбол тарихында алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Португалия – Өзбекстан матчының алтыншы минутында есеп ашылды. Соққыны әйгілі Роналду ашты. Соның арқасында португалиялық шабуылшы футбол тарихында рекорд тіркеді. Ал оның басты бәсекелесі саналатын аргентиналық Лионель Месси бес мундиальда гол соққан.
Роналду бұған дейін 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы әлем біріншіліктерінде қарсылас қақпасын дәл көздеген. Енді оған 2026 жылғы чемпионаттағы жетістігі қосылды.
Аты аңызға айналған футболшының жетістігі Өзбекстан құрамасының топтан шығу мүмкіндігін төмендетіп жіберді. Өйткені көрші елдің футболшылары матчтың 17 минутында екінші голды жіберіп алған. Бұл жолы қорғаушы Нуну Мендеш мергендігімен танылды.
Дегенмен мұндай нәтижеге келіспеген өзбек футболшылары матчтың 28 минутында қарсылас қақпасына гол соғып, есеп айырмасын қысқартқандай болған. Алайда төреші Әзиз Ғаниев добын есепке алмады.
Матч қарсаңында Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро Португалия құрамасынан «қорықпайтынын», ойыншылар соңғы секундтарға дейін бар күшін салатынын мәлімдеген.