
23 маусымда халықаралық Green SM компаниясы Қазақстан нарығына ресми түрде шығып, өзінің толықтай электрлі такси сервисін таныстырды.
Алматыда өткен салтанатты шараға Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі Нгуен Тхань Ле, қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев, сондай-ақ үкімет мүшелері, бизнес пен технология, энергетика және қаржы саласының өкілдіктері қатысты.
Қала көшелерінде қандай көліктер жүреді?
Алғашқы кезеңде Green SM Алматы тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи, толықтай электрлі VinFast VF 6 Eco кроссоверлер паркін қызметке қосты.
Бұл көліктердің басты ерекшелігі: салоны кең, толықтай электр қуатымен әрі дыбыссыз жүреді.

Бұған қоса, компания тек техникаға ғана емес, қызмет көрсету мәдениетіне де үлкен мән беріп отыр. Арнайы «Green Drivers» бағдарламасы аясында барлық жүргізушілер клиенттерге қызмет көрсету, қауіпсіздік және халықаралық операциялық стандарттар бойынша кешенді оқудан өтеді. Бұл Қазақстандағы әрбір сапардың жоғары сапада және қауіпсіз өтуіне кепілдік береді.
Экологиялық болашақ үшін: «Green Alliance Frontier»
Green SM Қазақстанға тек такси сервисі ретінде емес, үлкен эко-бастамамен келді. Шара барысында компания көлік, туризм, технология және қызмет көрсету саласындағы отандық бес стратегиялық серіктеспен әріптестік келісімге қол қойды. Бұл бірлестік нарықта тұрақты даму қағидаттарын дамытып, жергілікті қауымдастыққа оң ықпал етуді көздейді.
Нгуен Куок Туан, GSM компаниясының жаһандық бас директоры:
«Қазақстан әлеуеті өте жоғары, қарқынды өсіп келе жатқан және заманауи сервистерге сұранысы жоғары нарық. Біз бұл елге үлкен құрметпен және ұзақмерзімді инвестициялық жоспарлармен келдік. Біздің мақсатымыз жергілікті серіктестермен бірге адамдардың күнделікті мобильділік қажеттілігін жауып, сапалы шешімдер ұсыну. Тұрақты өсім сенім мен нақты қоғамдық құндылыққа негізделуі тиіс», деді Туан.

2023 жылы Вьетнамда құрылған Green SM бүгінде Вьетнам, Лаос, Индонезия, Филиппин Үндістан және Қазақстанда «жасыл» мобильділік экожүйесін дамытып келеді. Бүгін 23 маусымнан бастап Green SM такси қызметі Алматы көшелерінде өз жұмысын бастады.
Жаңа сервистің ашылу құрметіне Green SM пайдаланушыларға тиімді акция ұсынады. Смартфонға арналған ресми қолданба арқылы тапсырыс берген жағдайда, сапарларға 26% жеңілдік (2 626 теңгеге дейін) беріледі. Мобильді қосымшаны App Store және Google Play платформаларынан жүктеп алуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алатау қаласында алғаш рет әуе таксиі сынақтан өткен еді.