Жаңалықтар

Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді

Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Алматы полицейлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен бірлесіп, жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты.  

Арнайы операция «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы тыйым салынған заттарды өндірумен және таратумен айналысқан заңсыз қызметтің жолы кесілген.

«Тінту барысында көптеген құрал-жабдықтар мен химиялық компоненттер тәркіленді. Олардың қатарында қолдан жасалған реактор, сұйықтық толтырылған ондаған канистр, зертханалық ыдыстар, таразылар, вакуумды қаптау құрылғылары және есірткіні орауға арналған жүздеген пакет бар», – делінген хабарламада.

Зертхана синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік көлемде өндіруге бағытталғаны анықталып отыр.

Тәркіленген барлық зат сот сараптамасына жіберілді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кететін жайт, 2026 жылдың бес айында Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді.