Экономика

Иран мұнайы нарыққа орала ма: Brent бағасы төмендей бастады

Мұнай бағасы төмендей бастады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Мұнай нарығында баға қайта төмендей бастады. OilPrice мәліметінше, 23 маусымдағы саудада Brent маркалы мұнай 0,3%-ға арзандап, барреліне 77,70 долларға түсті. WTI бағасы да төмендеп, 73,74 доллар болды. Ал қазақстандық CPC Blend – 88,45 долларға дейін төмендеді.

CPC blend маркалы қазақ мұнай / фото: Oil Price

АҚШ Иран мұнайын сатуға 60 күндік уақытша рұқсат бергеннен кейін нарықтағы үрей де бәсеңдеді. Бұған дейін Иран мұнайы санкцияға байланысты әлемдік нарықта шектеулі көлемде ғана сатылып келген.

Құрама Штаттар 22 маусымнан бастап Иранға қарсы санкцияларын 60 күнге тоқтатты.