Жаңалықтар

Палау, би мен ұлттық киім: өзбек жанкүйерлері Американы жаулап алды

Өзбекстан жанкүйерлері / фото: gazeta.uz

Әлем чемпионатында Өзбекстан мен Португалия арасындағы матчтың алдында өзбек жанкүйерлері АҚШ-тың Хьюстон қаласын Өзбекстанның қаласына айналдырып жібергендей. Хьюстон көшелері өзбек ұлттық нақышына бөленіп, халыққа тегін палау да таратылып жатыр.

Өзбекстан жанкүйерлері / фото: gazeta.uz

Фан-аймақтағы ұлттық нақыш

Өзбекстанның ресми фан-аймағына жиналған мыңдаған жанкүйерлер өз ұлттық құрамасын әнмен, бимен және мемлекеттік рәміздермен қызу қолдап жатыр. Бұл жерде футбол атмосферасы ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтар үшін Өзбекстанның бай мәдениеті, дәмді ұлттық тағамдары мен қонақжайлылығы таныстырылатын арнайы мәдени бағдарлама ұйымдастырылған.

Өзбекстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Португалияға қарсы тарихи әрі маңызды ойын өткізеді.

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Канноваро өзбек футболшылары Португалияға қарсы ойында соңғы секундқа дейін күресетінін айтқан еді. Айта кетейік, Өзбекстан алғашқы ойында Колумбияға 3-1 есебімен жеңілген еді.