Жаңалықтар

Бурабайда Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабайдағы танымал бағыттардың біріне баруға шектеу қойылды / Фото: shutterstock

Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы Ақмола облысының iKomek қызметі хабарлады.

Ұлттық парк аумағындағы өрт қаупінің жоғары болуына байланысты осындай шешім қабылданған.

«Бұл шара табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сапар бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз«, делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 маусымда ұлттық парк аумағында орман өрті тіркелді. Найзағайдан тұтанған өрттің аумағы 0,001 гектарды құраған.

20-24 маусым аралығында Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды. Аймақта ауа температурасы +38 градусқа дейін көтерілетін қатты ыстық сақталады.