Жаңалықтар

Илон Маск триллионер атағынан айырылды

Илон Маск әлеуметтік желі
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Америкалық кәсіпкер Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды. Нарықтағы соңғы өзгерістерден кейін оның байлығы 118 млрд долларға азайып, 957 млрд доллар болды деп жазады Bloomberg агенттігі.

Күні кеше ғана Маскіні триллионер еткен SpaceX компаниясының құнды қағаздары бір күнде 10 пайызға арзандап, 23 маусымда да құлдырауын жалғастырды. Акция бағасы ең жоғарғы шегінде 225 долларға дейін көтерілгенімен, нарықтағы құбылыстан кейін бірден 150 долларға дейін түсті.

Бизнесмен екі аптаға жетер-жетпес уақыт қана триллионер атанды. 12 маусымда SpaceX корпорациясы акцияларын IPО-ға шығарғаннан кейін, Маскінің дәулеті 1 триллион доллардан асқан еді.