Жаңалықтар

Өзбекстан әлі де болса топтан шыға алады: ол үшін не істеу керек

Өзбекстан әлі де болса топтан шыға алады / фото: UFA.uz

Өзбекстан Әлем чемпионатында алғашқы екі ойынында ұтылса да, топтан шығатын мүмкіндігі әлі де бар. Биылғы Әлем чемпионатының форматы бойынша, өз топтарында 3-орын алған 12 команданың ішіндегі ең үздік 8 құрама келесі кезеңге жолдама алады.

Өзбекстан құрамасы үшін жалғыз жол – соңғы турда Конго демократиялық республикасын жеңу. Жеңіс топта 3-орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Алайда жеңістің өзі аздық етуі мүмкін:

Қазіргі уақытта Өзбекстанның доп айырмасы нашар (7). 3-орын алған командалар арасындағы рейтингте ұпай тең болған жағдайда ең бірінші соғылған және жіберілген голдардың айырмашылығы есепке алынады.

Сондықтан өзбек футболшылары африкалық ұжымды ұтып қана қоймай, ірі есеппен жеңуге тырысуы керек.

Қазіргі таңда 3-орындағы үздіктер көшін Швеция мен Шотландия бастап тұр. Ал 1 ұпайы бар Конго ДР 9-орында қалып, әзірге үздік сегіздікке кірмей тұр. Екінші жұптағы Колумбия мен Португалия арасындағы матчтың нәтижесі Өзбекстанның тағдырына әсер етпейді.

flashscore

Суперкомпьютер не дейді?

Opta суперкомпьютері Өзбекстан құрамасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін небары 7% деп бағалап отыр. Дегенмен, үміт бар. Ал Гаити, Түркия, Тунис, Иордания және Панама құрамалары екінші турдан кейін-ақ жарысты аяқтаған.

Өзбекстан мен Конго ДР арасындағы тағдыршешті кездесу 28 маусым күні таңғы сағат 04:30-да басталады. Осы уақытта Португалия мен Колумбия матчы да қатар өтеді Қазақстандық футболсүйер қауым бұл тартысты кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көре алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Өзбекстанға гол салып, рекорд орнатқан еді