Жаңалықтар

Пәкістан соты құқық қорғаушы әйелді өмірлік түрме жазасына кесті

Пәкістан соты құқық қорғаушы Махранг Балочты өлім жазасына кесті
Белуджистан өңірінің құқық қорғаушысы Махранг Балоч / фото: REUTERS/Akhtar Soomro

Пәкістан соты танымал құқық қорғаушы Махранг Балоч пен оның әріптесін өмірлік түрме жазасына кесті. Оларға 2024 жылғы шілдеді наразылық кезінде әскери топ сарбазын өлтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Reuters.

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында адам құқықтарын қорғаумен айналысқан Балоч 2025 жылғы наурыздан бері қамауда отыр. Өңірде этникалық жікшілдер ондаған жылдар бойы күрес жүргізіп келеді.

Кветта қаласындағы антитеррористік сот Балоч пен құқық қорғау комитетінің тағы бір мүшесі Сибғатулланы кісі өлтірді, терроризммен байланысты қылмыс жасады деп таныған. Тергеушілер нұсқасына қарағанда, Балоч бүлікшілерді әскери топқа шабуылдауға үгіттеген.

«Белудждардың ынтымақтастық комитеті» (BYC) ұйымының өкілі Лала Абдул Балоч сот үкімін айыптады. Балоч адвокаты Исрар Жаттақ үкімге шағымданатынын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Kursiv.Media БҰҰ комиссиясының Газа секторындағы баяндамасы туралы жазған. Баяндама авторлары Израиль палестиналық балаларды әдейі қырған деген қорытынды жасаған.