Жаңалықтар

Қытайда тағы жер сілкінді

На юге Казахстана почувствовали уже третье землетрясение за месяц
фото: ашық дереккөзден

23 маусым күні кешке Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мониторинг мәліметінше, жер дүмпуінің қуаты 5,6 баллға дейін жеткен.

Сейсмикалық оқиға Астана уақытымен сағат 20:29-да тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қытайдың батыс бөлігіне, Цинхай провинциясы аумағына орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,6-ны құрады. Сейсмикалық оқиғаның энергетикалық класы К=12,8 көрсеткішіне жетті. Мамандар мұны айтарлықтай сезілетін, бірақ жойқын емес, орташа күштегі жер сілкінісі деп бағалады.

Осыдан екі күн бұрын да түнгі сағат 22:58-де Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Мәліметтерге қарағанда, жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,9 балл болған.