Жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялау саясаты өзгермек

ЕНПФ
БЖЗҚ активтеріне сатып алынатын қаржы құралдары өзгереді / Фото: Асқар Ахметуллин

Зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялау саясаты өзгермек. Бұл туралы қор активтерін басқаратын Ұлттық банк хабарлады.

Бұл шешімнің басты мақсаты – артық тәуекелге бармай, азаматтардың зейнетақы жинақғының кірісін арттыру және жиналған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына көбірек бөлу.

Ресми мәліметке сай, жаңа ереже қордың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, портфельді әртараптандыруды көздейді.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк БЖЗҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын үш жыл мерзімге бекітті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы негізгі қаражатты басқаратын Ұлттық банк жыл 2026 жылдың 5 айында 3% инвестициялық табыс алған. Ал активтердің бір бөлігін басқарып отырған жеке компаниялар бұдан да жоғары нәтиже көрсетті: олардың жыл басынан бергі кірістілігі 1,34%-дан 7,39%-ғадейін жетті.