
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп жатыр. Бұл платформа арқылы әскери қызметшілер қажетті тауарлар мен дайын тағамдарға тапсырыс бере алады. Тапсырыстар әскери бөлім аумағына тегін жеткізіледі.
Жобаның алғашқы кезеңі Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонының оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде іске қосылды. Тапсырыс рәсімдеу үшін бөлімшелерге арнайы терминалдар мен планшеттер орнатылған.

«Voenmart – әскери тұрмысты ұйымдастырудың жаңа деңгейі. Цифрлық форматтың арқасында әскери қызметшілер қажетті тауарларға ыңғайлы әрі жедел қол жеткізе алады. Voenmart арқылы жеке гигиена құралдарын, тігін бұйымдары, жеңіл тағамдар мен сусындарды, жаңа піскен жемістерді, шырындар, танымал тіскебасарлар, нан өнімдері және сұранысқа ие басқа да өнімдерді сатып алуға болады», – делінген хабарламада.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – дайын тағамдарға тапсырыс беру мүмкіндігі. Әскери қызметшілер бургер, пицца, бәліш өнімдері және басқа да тағамдарға тапсырыс бере алады, әрі олар ыстық күйінде жеткізіледі.
Әскери қызметшілер қосымша комиссиялар мен қызмет көрсету төлемдерінсіз тек тауардың өз бағасын ғана төлейді. Жоба сәтті жүзеге асса, Voenmart платформасы еліміздегі өзге әскери бөлімдерге де енгізілуі мүмкін.
Еске салайық, еліміздегі барлық әскери казармада жасанды интеллектпен жұмыс істейтін камералар пайда болады. Бұл жүйелер бейнематериалдарға талдау жүргізетін болады