Жаңалықтар

Әкемнен зорлық көрдім деген блогер Жузефинаны полиция ұстады (видео)

Жузефина
фото: инстаграм парақшасынан

24 маусым кешке атышулы блогер Жузефинаны полиция бөлімшесіне алып кеткен. Бұл туралы өзі инстаграм парақшасында хабарлады.

Сторисінде ол анасы арыз жазғанын айтады. Кейін сол бойынша полиция қызметкерлері алып кеткен.

«Кешкі сағат 18:00 үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық бөлімшесіне алып кетті. Анам маған арыз жазды», – деп жазған блогер сторисінде.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/06/whatsapp-video-2026-06-25-at-10.37.02.mp4

Одан кейін байланысқа шықпаған.

Соңғы күндері Жузефина тікелей эфирге шығып, бірнеше даулы мәлімдемелер жасады. Соның бірінде өзін 8 жыл бойы әкесі зорлағанын айтқан. Кейін ата-анасы қызының сөзін теріске шығарып, шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Қазір қыздарымен араласпайтын көрінеді.

24 маусымда полиция балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған блогер жалған ақпарат таратты деген баппен үстінен іс қозғағанын хабарлады.