Жаңалықтар

Алматыда сәбиін көтеріп, курьер болған ана Шымкентке көшіп кетті

курьер ана
фото: коллаж Kursiv Media

Баласын көтеріп, курьер болып жүрген ана Шымкентке қайта көшіп кеткен. Бұл туралы Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев айтты.

«Себебін білмейміз, отбасылық келісімдер болуы мүмкін. Бәлкім, ата-анасы қайта шақырған шығар, ол жағын нақтыламадық. Бірақ білетінім, кеше ғана Алматы мен Шымкент әкімдіктерінен сұрадым, олар бұл ақпаратты растады», – деді ол тілшілерге.

Жас отбасының ондай шешім қабылдауына министрлік тарапынан еш ықпал болмағанын да атап өтті.

«Мемлекет ұйымдары тарапынан еш қысым болған жоқ», – деді вице-министр.

Мәселенің мән-жайы

Осы айда  қолына 4 айлық сәбиін ұстап, арқасына курьерлік сөмке асып жүрген жас ананың фотосы әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Тіпті Threads қолданушылары жаппай келіншекті іздеуге кірісті. Кейін оның жолдасы бар екені, жас отбасының Шымкенттен көшіп келгені белгілі болды. Кейбір желі қолданушы оларға қаржылай көмектеспек болған, бірақ келіншек те, күйеуі де бас тартты.

Бұл мәселеге қатысты еңбек министрлігі де пікір білдірді. Министр Асқар Ертаев курьер келіншектің жұбайына жұмыс ұсынғанын айтты. Осыдан кейін балалы ананы жұмысқа қабылдаған курьерлік компанияға сұрақтар туындады. Еңбек министрлігі бұл жағдайдан кейін жұмысқа қабылдау талаптары өзгеруі мүмкін екенін де атап өтті.