
Дональд Трамп әкімшілігі Конгрестен Эболамен күреске 1,4 млрд доллар бөлуді сұрап отыр. Ол қаржыға Кенияда карантин орталығын салып, гуманитарлық көмек беріп, аймақтағы АҚШ азаматтарын эвакуцияламақшы, деп жазады Reuters.
Басылым мәліметінше, бүгінде Конго Демократиялық Республикасында Эболамен ауырғандар саны 1118-ге жетті, оның ішінде 291 адам қайтыс болған.
АҚШ үкіметі Кениядағы карантин орталығын салуға 800 млн доллар бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ вирустың штаттарда таралуының алдын алу үшін 500 млн бөлмек. Ол қаржыға эпидемиологиялық бақылау, зертханалар көбейту, трансшекаралық үйлестіру тәрізді жұмыстар орындалуы керек.
Тағы 90 млн доллар вирус жұқтырған АҚШ азаматтарын эвакуациялау мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдауға бағытталады.
Осыдан бір ай бұрын эбола таралуына байланысты АҚШ грин-карта иелеріне елге кіруге тыйым салған еді. Күні кеше ғана Эбола Еуропаға жетіп, Францияда тіркелді. Конгоға іс-сапармен барып келген дәрігерден вирус анықталған, қазір ол карантинге жатқызылды.