
Ақтауда 24 маусым күні 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып, қаза тапты.
Lada.kz жазуынша, жол-көлік оқиғасы қаладағы шағын аудандар арасындағы жолда болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 23 маусымда Алматы – Қорғас тасжолында көлік апатынан үш адам қаза тапты. Кейінірек қарсы бағытқа шығып кеткен көлікті мас күйде полиция қызметкері басқарғаны анықталды.