
Ақтөбе облысында суға батып бара жатқан немересін құтқармақ болған ата немересімен қоса суға кетті. Олардың мәйітін куәгерлер шығарып алған. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 маусымда Бестамақ ауылының маңындағы Елек өзенінде болған. 17 жастағы қыз судың таяз жерімен өзеннен өтпек болғанда, су астындағы шұңқырға құлап кеткен.
Оған көмекке ұмтылған 61 жастағы атасы суға секіргенімен, оны құтқара алмай, немересімен бірге өзі де суға батып кеткен.
Қайтыс болғандардың мәйітін оқиға куәгерлері судан шығарды. Айта кетерлігі бұл жерде «Шомылуға тыйым салынады» деген белгі орнатылған, мұнда шомылу өте қауіпті.
Еске сала кетейік, 22 маусымда СҚО-да 16 жасар жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті. Ол демалу үшін жабдықталмаған жерде шомылған.