Жаңалықтар

Дубай мен Әбу-Дабиге бару қауіпсіз бе: Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Дубай қаласындағы The Burj Al Arab Hotel қонақ үйі
Дубай мен Әбу-Дабиге бару қауіпсіз бе / фото: shutterstock

Қазақстан азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктеріне барған қазір қауіпсіз бе деген сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев жауап берді.

Ведомство бұл өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін, өзара тиімді шешімдерге тезірек қол жеткізіледі деп үміттенеді.

«Сонымен бірге, жағдай толық тұрақталғанға дейін сақтық танытуды жөн деп санаймыз. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндігінше аймақ елдеріне аса қажеттілігі жоқ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз», – деді Жетібаев брифинг барысында.

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, ал 10 шілдеден бастап елордадан тұрақты рейстерді қайта бастады. Иранның әуе кеңістігі жабық болуына байланысты ұшақтар Пәкістан арқылы ұшуда.