Қоғам

Қорғаныс министрлігі әскерде қылмыс азайды деп мәлімдеді

В армии Казахстана расследуют случай неуставных отношений после избиения солдата
Әскерде қылмыс саны азайған / Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштерде 2025 жылы сарбаз көбейгеніне қарамастан, қылмыс саны азайған. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты.

2026 жылдың 24 маусымында Ұлттық ұланның әскери бөлімінда жарақат алып, бірнеше жыл ауыр жағдайда ауруханада жатқан Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Содан кейін БАҚ өкілдері Сенат кулуарында Шайх-Хасан Жазықбаевтан казармалардағы жағдай туралы сұрады.

Жазықбаевтың айтуынша, әскердегі жағдай үнемі жақсартып жаңартылады.

«Қазір психологтардың жұмысы күшейтілген. Камера қою, күнделікті тәуліктік кезекшілердің жұмысы жетілдірілді. Казармаларда профилактика ретінде әскери полиция өкілдері бар. Бұл шаралар көмектеседі деп сенеміз», – дейді Жазықбаев.

Сондай-ақ ол әскери жарғылар аясында жұмыс жүргізілетінін айтып өтті.

«Біреу өлгеннен кейін ғана жұмыс жүргізіледі деген қате ұғым. Әскери жарғылар аясында жұмыс әрқашан жүргізіледі», – дейді ол.

Ербаян Мұхтардың оқиғасы

Ербаян Мұхтар Алматы қаласындағы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2023 жылдың желтоқсанында ол ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен.

Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның «дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын» айтқан. Алайда ауруханаға түскен кезде дәрігерлер оған мидың ауыр жарақаты, жедел субдуралды гематома, шүйде сүйегінің сынуы және өзге де ауыр жарақаттар диагнозын қойған. Ербаян бірнеше операцияны бастан өткеріп, сал болып қалған.