Жаңалықтар

Қытай жүктері Қазақстан арқылы ағылып жатыр: транзит неге рекорд жаңартты

Қазақстан арқылы Қытай тауарларының өтуі / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2025 жылы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өткен Қытай жүктерінің жалпы салмағы 20,2 млн тоннаға жетті. DataHub мәліметінше бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32%-ға көп.

Осылайша, Қытайдан шыққан транзит жүк көлемі кемінде 2013 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сүйеніп жасалған есептеулерден байқалады.

Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы транзиті соңғы 13 жылда тұрақты түрде өсіп келеді. Әсіресе кейінгі төрт жылда өсім қарқыны жоғары болды: 2022-2025 жылдары орташа жылдық өсім 31% шамасында қалыптасты.

Бұл динамикаға геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты логистикалық бағыттардың өзгеруі де әсер еткен болуы мүмкін. Сонымен қатар жүк тасымалы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың да ықпалы бар.

Мысалы, 2025 жылы Достық-Мойынты теміржолының екінші желісі іске қосылды. Соның нәтижесінде бұл учаскенің өткізу қабілеті бірден бес есе: 12 жұп пойыздан 60 жұп пойызға дейін артты.

Қытай транзиті үшін Қазақстан арқылы өтетін ең ірі бағыт – Өзбекстан. Бұл елге жеткізілген жүктер Қытай транзитінің шамамен үштен бірін құрады: 6,5 млн тонна жеткізілген.

Қазақстанның өзіне, яғни Қазақстанға және басқа елдерге арналған шоғырландырылған жүктер 4 тоннаны құрап, транзиттің бестен бір үлесін алды.

Айта кетерлігі, жалпы өсімге Иран ең үлкен үлес қосты. Оның жиынтық өсімдегі үлесі 44% болды. Себебі 2024 жылы Иран бағыты бойынша көрсеткіш өте төмен – небәрі 5,2 мың тонна болған.

Қытай жүктерінің Қазақстан арқылы транзиті, млн тонна

2025 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткен Қытай жүктері 20,2 млн тоннаға жетті. Өсімге ең көп үлес қосқан бағыт – Иран.

25
20
15
10
5
0
15,4
Өзбекстан
5,3 млн т
Қазақстан*
2,6 млн т
Ресей
3,5 млн т
Иран
5,2 мың т
Польша
1,7 млн т
Тәжікстан
0,5 млн т
Беларусь
0,5 млн т
Өзге елдер
1,3 млн т
2024
20,2
Өзбекстан
6,5 млн т
Қазақстан*
4,0 млн т
Ресей
3,0 млн т
Иран
2,1 млн т
Польша
1,6 млн т
Тәжікстан
0,6 млн т
Беларусь
0,6 млн т
Өзге елдер
1,8 млн т
2025
Өзбекстан
Қазақстан*
Ресей
Иран
Польша
Тәжікстан
Беларусь
Өзге елдер

Жалпы транзит көлемі

20,2 млн т

Жылдық өсім

+32%

Өсімге Иранның үлесі

44%

Ал Қазақстан өсімнің 30%-ын, Өзбекстан 25%-ын қамтамасыз етті. Керісінше, Ресей мен Польша бағытында көлем азайғандықтан, олардың жалпы динамикаға әсері теріс болды: Ресейдің үлесі -11%, Польшаның үлесі -2% шамасында қалыптасты.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 48 млрд доллардан асты.