
Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines авиакомпаниясының әуе кемесіне Jet A-1 маркалы отыны алғаш рет құйылды. Жұмысты «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Агро» ЖШС жүргізді.
«Бұл оқиға Қазақстанның авиациялық жанармай нарығын әртараптандыру мен отандық авиация инфрақұрылымының мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы PetroChina және қазақстандық логистикалық кәсіпорынмен бірлесіп, Қытайдың Душаньцзы мұнай өңдеу зауытынан Jet A-1 жанармайын жеткізуді ұйымдастырған болатын.
«ҚазМұнайГаз» мәліметінше, авиаотын жеткізу көздерін көбейту Қазақстан әуежайларын жанармаймен үзіліссіз қамтамасыз етуге және халықаралық әуе компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға тиіс.
Айта кетейік, 2024 жылдың қазан айында Алматы әуежайы Jet A-1 жанармайымен жұмыс істеуге арналған отын-жанармай құю кешенінің құрылысын аяқтаған. Араға 1,5 жылдан аса уақыт салып жаңа маркалы Jet A-1 авиаотыны алғаш рет әуе кемесіне құйылды.
Jet A-1 – реактивті ұшақтарға арналған әлемдегі ең көп таралған авиациялық жанармай түрлерінің бірі. Оның басты ерекшелігі қату температурасының өте төмендігінде. Бұл отынды тіпті ең суық ауа райы жағдайында да еш қиындықсыз пайдалануға болады.