
Астанада 27-28 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады«, – делінген хабарламада.
Жәрмеңке сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.