
Биткоин бейсенбі күні АҚШ сауда сессиясының басында күрт арзандап, 5%-ға төмендеп, 58 мың долларға деңгейіне түсті. Бұл – 2024 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
Кейін баға сәл қалпына келіп, шамамен 59,4 мың долларға көтерілді. Бірақ соңғы тәулікте биткоин әлі де минуста қалып отыр. Құлдырау тек BTC-мен шектелмеді: Ethereum шамамен 1 550- долларға дейін түссе, Solana мен Dogecoin де арзандады.

Нарыққа қысым жасап тұрған негізгі факторлардың бірі – АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қатаң риторикасы. Инвесторлар енді мөлшерлеме төмендейді деп емес, керісінше, тағы көтерілуі мүмкін деп қауіптене бастады. Бұл тәуекелі жоғары активтерге, соның ішінде криптовалютаға қысым түсіріп отыр.
Алайда қызығы – деривативтер нарығы биткоинде қысқа мерзімді серпіліс болуы мүмкін екенін көрсетіп тұр. Көп трейдер бағаның әрі қарай құлдырауына бәс тіккен. Яғни нарықта шорт позициялар тым көбейіп кеткен.
CoinGlass деректеріне қарағанда, ағымдағы бағадан 70 мың долларға дейінгі аралықта сатуға қойылған BTC көлемі аз. Ал бұл баға жоғары қарай қозғалған жағдайда қарсылықтың әлсіз болуы мүмкін екенін білдіреді.
Қысқасы, биткоин қазір әлсіз көрінгенімен, нарықта біржақты құлдырауға тым көп ойыншы бәс тігіп отыр. Дәл осындай сәтте күтпеген жоғары серпіліс болуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: МосБиржа индексі қызыл аймақта: рубль, санкция және бюджет қысымы туралы жаздық.