
Қазақстандық композитор әрі музыкант Дана Зұлпыхар Netflix-тің «Аватар: Аанг туралы аңыз» сериалының музыкалық сүйемелдеуін жасауға қатысты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол саундтрек үшін қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра мен қобыздың партияларын жазған. Бұл дыбыстар жобаның музыкалық безендірілуіндегі оркестрлік өңдеуде қолданылған.
«Netflix-тің «Avatar: The Last Airbender» сериалының осындай ғажайып саундтрегіне домбыра мен қобыз үнін жазу – мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Дана Зұлпыхар.
Қазақстандық музыканттың мұндай ауқымды халықаралық жобаға қатысуы оның мансабындағы кезекті елеулі жетістік болды. Бұған дейін Дана Зұлпыхар Нью-Йорктің WHATMORE тобының құрамында Coachella фестивалінде өнер көрсеткен Қазақстанның тұңғыш өкілі атанған еді.
Айта кетейік, осыған дейін «Аватар: Аанг туралы аңыз» мультфильмі туралы да жазған едік. Алайда бұл туындыны Netflix емес, басқа студия түсірген.