Жаңалықтар

Уимблдон-2026: Рыбакина мен Бубликтің қарсыластары анықталды

Победив Марию Саккари, Елена Рыбакина вышла в третий раунд Уимблдона-2025
Елена Рыбакин (Photo by John Walton/PA Images via Getty Images)

Лондонда теннистен «Үлкен дулыға» сериясының беделді додасы Уимблдон турнирінің негізгі кезеңі 29 маусымы мен 12 шілдесі аралығында өтеді. Жарыстың жеребесі тартылып, Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.

Қазақстандық теннисшілер кіммен ойнайды?

Жекпе-жек разрядында елімізден төрт спортшы бақ сынайды. Өкінішке қарай, Тимофей Скатов іріктеу кезеңінің финалында сүрініп, негізгі тізімге өте алмай қалды.

Елена Рыбакина алғашқы матчын Франция өкілі Лоис Буассонмен өткізеді.

Юлия Путинцева Германияның тәжірибелі теннисшісі Татьяна Мариямен шеберлік байқасады.

Александр Бублик Аустралия өкілі Танаси Коккинакиспен (№492 ATP) кездеседі.

Александр Шевченко алғашқы айналымда-ақ турнир фавориттерінің бірі, Канада саңлағы Феликс Оже-Альяссиммен кортқа шығады.

Айта кетейік, Уимблдонның екі дүркін чемпионы, әлемдік рейтингтің екінші нөмірлі ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас алған жарақатына байланысты биылғы додаға қатыса алмайтын болды.

Ал әйелдер арасындағы басты жаңалық – Уимблдонның 7 дүркін жеңімпазы, аңызға айналған Серена Уильямс 44 жасында үлкен спортқа қайта оралды. Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту (wild card) алған Серена алғашқы айналымда аустралиялық жас талант Майя Джойнтпен кездеседі.