Жаңалықтар

Алматыда Наурызбай ауданындағы көшелердің бірі 1 айға жабылады

Алматыда Наурызбай ауданындағы көшілердің бірі бір айға жабылады
Алматыдағы бір көше бір айға жабылады / фото: KursivMedia мұрағаты

Алматыда Наурызбай ауданындағы Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары басталды. Осыған байланысты Жуалы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 29 маусым сағат 08:00-ден 29 шілде сағат 08:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

фото: Алматы қаласының әкімдігі

Айналып өту жолы Бәйкен Әшімов, Жұманиязов және одан әрі Төле би көшелері арқылы ұйымдастырылады.

«Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп үндеу тастады қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына.

Айта кетейік, елордадағы Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабық болады.