Жаңалықтар

Сербия Президенті Александр Вучич қызметінен кететінін мәлімдеді

Сербия Президенті қызметінен кететінін мәлімдеді
Сербия Президенті қызметінен кететінін мәлімдеді / AP Photo / Darko Vojinovic

Сербия Президенті Александр Вучич «таяу апталарда» қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 27 маусымда өз жақтастарының митингісінде сөйлеген сөзінде айтты.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Вучич қызметтен кеткеннен кейін елде мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау өтетінін айтты. Болжам бойынша сайлау осы күзде болады.

Александар Вучич 12 жылдан бері билік басында болды. Оның президенттік өкілеттігінің екінші мерзімі 2027 жылдың ортасында аяқталуы тиіс еді. Сербия конституциясына сәйкес, бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды.

Вучич билікте қалу үшін Ата заңды өзгертпейтінін айтқан. Дегенмен ол парламенттік сайлауға қатысып, елдің премьер-министрі лауазымына өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, Вучич 2014-2017 жылдары Сербия үкіметін басқарған еді.

Айта кетейік, 7 маусымда Арменияда кезекті парламент сайлауы өтті. Сайлауда Пашинян партиясы жеңіске жеткен еді.