
Марұқм Яна Легкодимованы өлтірген Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов осы аптада ғана №39 «Қара бүркіт» мекемесіне жіберілді. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, Хайржанов пен Катимовтың №39 мекемеде емес, Қостанайдағы №76 мекемеде отырғаны туралы ақпаратты растауды сұрады.
Себебі, бұған дейін комитет сотталғандар жазасын сот үкіміне сай өтеп жатқанын хабарласа да, олардың №76 мекемеде ұсталып отырғаны айтылған еді.
Осы аптада сотталғандардың екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін №39 «Қара бүркіт» мекемесіне жеткізілді.
Айта кетейік, марқұм Яна Легкодимованың анасы қызының өліміне кінәлі деп танылған сотталғандар жазасын қайда өтеп жатқанын білу үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне хабарласқан. Алайда ведомство ақпаратты беруден бас тартқан.