
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатында Канада ұлттық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шықты. Бұл олардың футбол тарихындағы қатысқан үшінші Әлем чемпионаты екенін айта кеткен жөн.
1/16 финалдық тартысты кездесуде Канада құрамасы Оңтүстік Африка (ОАР) командасын 1:0 есебімен қапы қалдырып, келесі сатыға жолдама алды.
Ойын қалай өтті?
Командалар бірінші таймда қарқынды шабуылдағанмен, бір-бірінің қақпаына гол сала алмай, үзіліске 0:0 есебімен кетті Матч тағдырын екінші таймның соңына қарай соғылған жалғыз гол шешті:
90+2 минутта Канада құрамасының ойыншысы Эуштакиу мергендік танытып, командасына тарихи жеңіс сыйлады.
Келесі қарсылас кім?
Осы жеңістен кейін Канада 1/8 финалға қадам басты. Келесі кезеңде солтүстікамерикалықтарды үлкен сын күтіп тұр. Олар ширек финал жолдамасын Нидерланды – Марокко жұбының жеңімпазымен сарапқа салатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан әлем чемпионатындағы жорығын аяқтаған еді.