
«Алматы жылу жүйесінің» мәліметінше, берешекті өндіріп алу бөлімі жыл басынан бері борышкер кәсіпорындарға қатысты 1274 материалды қараған.
Соның ішінде 602 кәсіпорынның ісі қарызды мәжбүрлеп төлету үшін сот орындаушыларына берілді. Қалған компаниялар бойынша сот шешімі шығып қойған, тек оның ресми түрде күшіне енуін күтіп отыр.
Қарызын төлемеген борышкерлерге қарсы қатаң шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, олардың банктегі шоттары мен мүліктері бұғатталады, сондай-ақ нотариус арқылы ешқандай құжат рәсімдей алмайды.
Бұдан бөлек, қарызы 40 айлық есептік көрсеткіштен (173 000 теңге) асатын 378 кәсіпорын өкіліне уақытша шетелге шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар компания қолданылып жатқан шаралардың нәтиже бере бастағанын атап өтті. Атқарушылық өндіріс жүріп жатқан 602 кәсіпорынның 283-і қарызын толық өтеген.
«Алматы жылу жүйесі» мамандары мұндай қатаң шаралардың тек қарызын ұзақ уақыт бойы төлемей жүргендерге ғана қолданылатынын жеткізді. Олар істі сотқа өткізбей тұрып, кәсіпорындарға алдын ала ескерту жасап, мәселені өз еркімен, тыныш шешуге мүмкіндік береді.
Компания тұтынушыларға артық шығынға батпай, шоттары бұғатталмай тұрғанда, қарызды уақытында төлеуге кеңес береді.
Айта кетейік, Ақтау тұрғындары коммуналдық қызметке 2 млрд теңгеге жуық қарыз.