Жаңалықтар

Алматылық әйел аулада босанды

фото: instagram.com/kris_p_almata, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: instagram.com/kris_p_almata, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданында орналасқан «Ұлытау» тұрғын үй кешенінің ауласында бір әйел босануға мәжбүр болды.

Тұрғындардың айтуынша, аулаға көліктердің көптігінен жедел жәрдем дер кезінде өте алмаған.

Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы қалыпты деп отыр. Дереу Қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, құрылыс компаниясы жеткілікті автотұрақ қарастырмаған. Ал ауданның қарқынды салынып жатқаны жағдайды одан әрі ушықтырған. Соның салдарынан аулалар көлікке толып, жедел жәрдем мен басқа да арнайы қызметтердің қозғалысына кедергі келуде.

«Пәтерлерімізді ипотекаға сатып алдық. Бірақ күн сайын тұрақ тапшылығына тап боламыз. Мұндай жағдай қайғылы оқиғаға ұласпай тұрғанда қала әкімдігі мен жауапты органдар мәселені назарға алғанын қалаймыз», – делінген тұрғындардың үндеуінде.

Тұрғындар бұл мәселе жария болғаннан кейін әкімдік пен жауапты мекемелер автотұрақ мәселесін шешіп, төтенше қызмет көліктерінің кедергісіз жүруіне жағдай жасайды деп үміттенеді.

Мұның алдында алматылық әйел өзінің жүкті екенін босанғалы жатқанда бір-ақ білген еді.