
29 маусым күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 482,65 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда теңгенің шамамен 3 теңгеге нығайғанын көрсетеді.
Айырбас орындарында да доллар бағамы төмендегені байқалады. Алматыдағы ақша айырбастау пунктері долларды негізінен 482-484 теңгеден сатып алып, 484-486 теңгеден сатып жатыр.
Мұнай бағасына тоқталсақ, брент маркалы мұнай бағасы барреліне 73-74 доллар арасында сатылуда.
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына қатысты жаңа болжамы бойынша АҚШ долларының орташа жылдық бағамы біртіндеп: 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін.