
Қазақстанда ломбардтардың тапқан таза пайдасы жылдам өсіп келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айында саланың жалпы таза пайдасы 54,7 млрд теңгені құрады. Ал 2025 жылы көрсеткіш екі есе төмен еді.
Ал екі жыл бұрынғы көрсеткішпен, яғни 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, ол кезде пайда 8,7 млрд теңге ғана болған. Демек ломбардтардың табысы небәрі екі жылда 6 есеге дейін өсіп кеткен.
Табысы көп ломбардтар
Finprom зерттеуінше, «М-Ломбард» нарықтағы жекелеген компаниялар арасында ең көп пайда тауып, бірінші орынға шықты. Олар биылғы қаңтар-наурыз айларында 12,9 млрд теңге тапты, ал былтырғы табысы 6,5 млрд теңге болған еді.
Екінші орында 10,5 млрд теңге пайдамен «МК-Ломбард» тұр, оның былтырғы табысы 4,5 млрд теңгеден аспаған. Үздік үштікті 9,7 млрд теңге таза пайда тапқан «МК-Золото Ломбард» аяқтады.
Сондай-ақ «Астра-Ломбардтың» пайдасы 7 есе өсіп, 421,9 миллионнан 3 миллиард теңгеге жетсе, «GoldFinMarket» пен «Триллионер Ломбард» өз табыстарын бірден 17 ес көбейтіп, сәйкесінше 700,5 миллион және 402,5 миллион теңге табыс көрді. «Бөлім-Ломбард 1» компаниясының да көрсеткіші 7 есеге жуық артып, 535,9 миллион теңге болды.
Шығынға ұшыраған ломбардтар
Дегенмен, нарықтағы барлық ломбардтардың ісі бірдей алға басып жатқан жоқ. Биылғы наурыз айындағы жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған 466 ломбардтың 337-сі ғана пайда тапқан.
Шығынға ұшыраған ломбардтардың қатарында «Ломбард €lit (Евролит) Алматы» (134,1 миллион теңге шығын) Clearance және «Мост-ломбард» (120,3 миллион теңге шығын) компаниялары бар.
2025 жылы ең ірі шығын «Актив Ломбардқа» тиесілі болған, олар бірден 442,7 миллион теңге шығынға батқан.
Елде ломбард ашып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтөбе тұрғынының ісі сотқан жолданған еді. Ол бұл саладан 93 млн теңге заңсыз пайда тапқан.