
АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында (Калифорния штаты) футбол жанкүйерлері жиналған ойын-сауық аймағында атыс болып, бір адам қаза тапты. Ауыр жараланған тағы бір жанкүйер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Reuters.
Мәліметтерге қарағанда, атыс болған уақытта ешқандай футбол матчы жүріп жатпаған. Әлем чемпионаты аясында жексенбіге белгіленген жалғыз ойын оның алдында аяқталып қойған.
«Жәбірленушілердің бірі оқиға орнында жан тапсырды. Екіншісі жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұр», – деп хабарлаған Сан-Хосе полициясы X әлеуметтік желісінде.
Полиция осы оқиғаны кісі өлтіру қылмысы ретінде тергеп жатыр. Қылмыс болған орынға жақын көшелер жабылған.
Атыс Сан-Педро алаңында болғаны мәдім. Көптеген жанкүйер кешкісін осы маңға жиналып, әлем чемпионаты матчтарын үлкен экрандардан тамашалайды.
Reuters тілшісі алаңда полицияның бірнеше қызметкерін көрген. Журналист денесі ақ матамен жартылай жабылған біреуді шұғыл алып бара жатқанының куәсі болған. Атысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Атыстан кейін осы аудандағы барлардың дені жабылды. Сан-Педро алаңында бірнеше ондаған фан-аймақ бар.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда түнде Әлем чемпионатының 1/16 кезеңінде Канада және Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) құрамалары кездесіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен.