
Іске қосылған сәттен бастап Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесін 3,1 млн жолаушы пайдаланып үлгерді. Бұл туралы елорда әкімдігінен хабарлады.
«Бүгінгі таңда орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 70 мың адамды құрайды. Мұндай көрсеткіштер көліктің жаңа түрі қала тұрғындары мен қонақтары арасында тез арада сұранысқа ие болғанын көрсетеді», – деп есеп берді әкімдік.
Ведомстводан Tarlan Astana қала бойынша жылдам әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ете отырып, біртіндеп елорданың қоғамдық көлік жүйесінің негізгі элементтерінің біріне айналып келе жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, LRT-ның алғашқы желісі 16 мамырда іске қосылған еді. Алғашқы күндері жолаушылар ағыны шамамен 100 мың адамды құрады, ал 1 маусымда елорда әкімі LRT 1 млн адамды немесе тәулігіне 65-75 мың адамды тасымалдағанын хабарлады.