Жаңалықтар

Миллиардер Баймұратовқа тиесілі компания топ-менеджерлеріне 150 млн теңге төлеген

Фото: bayansulu.kz, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан нарығын кәмпит өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Баян-Сұлу» кондитерлік компаниясының басшылар былтыр 149,3 млн теңге айлық алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

Құжатқа сәйкес, бұл сома 4 топ-менеждер арасында бөлінген. Олар: Басқама төрағасы-президент Тимур Садықов, коммерциялық директор Дулат Ахметжанов, қаржы директоры Губарева Ольга және 2025 жылдың қыркүйегінен коммерциялық директор міндетін атқарған Ардақ Қожахметов.

Компанияның аудиторлық есебіне сәйкес, 2025 жылғы таза табысы 4,4 млрд теңгені құраған.

«Баян-Сұлу» – қант-кәмпит өнімдерін шығаратын байырғы комбинаттардың бірі. Оның 85 пайыз акциясы KazFoodProducts компаниясына тиесілі. Сонымен қатар құрылтайшылар қатарында «Капиталинвест» және «Тамызинвест» компаниялары бар.

Ал түпкі иесі – елдегі ең дәулетті бизнесмендердің арасында 68-орында тұрған Ерлан Баймұратов. Оның байлығы 108 млн долларға бағаланған. Бұған дейін миллиардер Баймұратовтың компаниясы БИ-95 жанармайын өндіретіні хабарланған.