Жаңалықтар

Алматы-Астана арасындағы тағы бір жол ақылы болды

Алматы Караганда, платная дорога алматы караганда, платная трасса в Казахстане, трасса балхаш, трасса талдыкорган, проезд по платным дорогам казахстан
фото: ашық дереккөзден

Республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналып өту жолымен) – Алматы» автожолының Бурылбайталдан Күртіге дейінгі учаскесі енді ақылы болады. Көлік министрлігі тиісті бұйрыққа қол қойды.

Ақылы жол трассаның 1041-ші шақырымынан басталып 1121-ші шақырымға дейін жалғасады, яғни 80 шақырым үшін ақы төлеу керек болады.

Жол жүру тарифтері

  • Жеңіл автокөліктер үшін: кейін төлеу – 290 теңге, алдын ала төлеу – 251 теңге;
  • 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 735 теңге, алдын ала төлеу – 628 теңге
  • 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 1 451 теңге, алдын ала төлеу – 1 238 теңге ;
  • 32 орыннан асатын автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоезд жүк көліктері: кейін төлеу – 2 176 теңге, алдын ала төлеу – 1 847 теңге ;
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 2 920 теңге, алдын ала төлеу – 2 485 теңге;
  • Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері (тіркемесі бар көліктер мен ершікті тартқыштар): кейін төлеу – 3 636 теңге, алдын ала төлеу – 3 095 теңге.

Ақылы жолды пайдаланғысы келмейтін жолаушылар Сұңқар-Қаншегел-Топар-Күйген-Ақжар-Қонаев-Бақанас-Қараой-Құрты маршруты арқылы жүре алады.

Айта кету керек, осы Алматы-Қонаев бағытындағы ақылы жол елімізде ең көп пайдаланылған маршрут саналады. Одан кейінгі орында Шымкент-Өзбекстан шекарасы мен Тараз-Шымкент бағыты тұр. Бұл жолдармен жыл басынан бері 10 млн-ға жуық көлік жүрген.