Жаңалықтар

Аптаптың беті қайтты: Астана мен Алматыға нөсер жаңбыр келе жатыр

Алматы мен Астанаға нөсер жаңбыр келе жатыр
Алматы мен Астанаға нөсер жаңбыр келе жатыр / Фото: shutterstock

Синоптиктер шілденің алғашқы үш күнінде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Астанадағы ауа райы болжамы

Шілденің алғашқы үш күнінде елордада күн бұлтты болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Ауа температурасы 1 шілде түнде +14…+16 градус, күндіз +26…+28 градусты құрайды.

2 шілдеде ауа температурасы түнде +14…+16 градус, күндіз +24…+26 градус жылылықты көрсетіп тұр. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.

3 шілдеде сынап бағанасы түнде +13…+15 градус, күндіз +24…+26 градус жылыны көрсетіп тұр. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні – 15-20 метр.

Алматыдағы ауа райы болжамы

1 шілде Алматыда да күн бұлтты болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, түнде нөсер жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, уақытша екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +27…+29 градус жылы.

2 шілдеде де күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз уақытша нөсер жаңбыр жауады, бұршақ араласып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +27…+29 градус жылы.

3 шілдеде күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15 метр болады. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз +23…+25 градус жылы деп болжанған.

Аптап ыстықтың беті қайтты

Бұған дейін синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын айтқан еді. Республика бойынша нөсер жаңбыр жауады деп болжанды. Бірнеше өңірде ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді.

Бұған дейін шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын жазған едік.