
Ерлан Қарин жаңа қызметке орналасты. Ол Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып сайланды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп хабарлайды Ақордадан.
Ерлан Қарин бұған дейін үш жыл мемлекеттік кеңесші лауазымында болған. Бұл қызметке 2022 жылғы 14 маусымда тағайындалған еді.
Ол 1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған. Еңбек жолын география және тарих пәндерінің мұғалімі ретінде бастады. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2019 жылы президент кеңесшісі, кейін көмекшісі атанды.
Айта кетейік, жаңа Конституция бойынша елде мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Ол тікелей президентке бағынатын және есеп беретін тұлға еді.