Жаңалықтар

HomeTech & Electra 2026: Отандық бизнес жаңа нарыққа жол ашады

2026 жылғы 6–8 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Atakent-Expo көрме орталығында ауқымды халықаралық HomeTech & Electra 2026 іскерлік көрмесі өтеді. World Silk Way компаниясы ұйымдастырып отырған бұл ірі жоба электроника, тұрмыстық техника, смарт құрылғылар, заманауи жарықтандыру және электротехника саласындағы шетелдік тікелей өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға жинайды. Қазақстандық бизнес үшін ерекше ынтымақтастық мүмкіндіктері ұсынылады.

Көрменің басты мақсаты – Алматыда өндірушілер, жеткізушілер, дистрибьюторлар, сауда желілері, маркетплейстер және кәсіпкерлер тікелей келіссөздер жүргізіп, серіктестер тауып, келісімшарттар жасай алатын ірі халықаралық алаң қалыптастыру. Сонымен қатар көрме Қазақстан мен Алматының Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда және көлік көпірі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан үшін бірегей жоба тек көрменің өзі ғана емес, сонымен қатар жаңа әрі пайдалы бастама – жыл бойы жұмыс істейтін «B2B Way Club» іскерлік клубы. Бұл өндірушілерге, жеткізушілерге, байерлерге, дистрибьюторларға, сауда желілеріне, маркетплейстерге және кәсіпкерлерге арналған тегін бизнес-платформа. Қазіргі таңда клуб құрамында Қытай Халық Республикасынан түрлі өнім өндіретін 200-ге жуық ірі компания бар. Келесі жылы олардың санын 1000-нан астам деңгейге жеткізу жоспарлануда.

Қазіргі қазақстандық бизнес үшін өндіруші зауыттармен тікелей байланыс орнату тиімді дамудың негізгі шартына айналып отыр. Кездейсоқ делдалдардың қызметінен бас тарту кәсіпкерлерге тауарлардың өзіндік құнына ықпал етуге, ұсыныстарды салыстыруға және бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Өндірушімен тікелей байланыс компанияларға баға, тапсырыс көлемі, жеткізу мерзімі, логистика және сервистік қызмет көрсету мәселелерін тікелей талқылауға жол ашады.

Бұл ретте цифрлық технологиялардың рөлі ерекше. Алдын ала ұйымдастырылатын онлайн кездесулер тараптардың келісімге дейін-ақ байланыс орнатуына мүмкіндік береді. B2B Way Club алғашқы онлайн байланыстан бастап көрме алаңындағы жұмыс пен кейінгі қорытынды келіссөздерге дейінгі барлық кезеңдерді тиімді біріктіреді.

Клуб мүшелері көрме басталғанға дейін өндірушілермен танысып, өздеріне қызықты компанияларды таңдап, кездесулерді алдын ала жоспарлай алады. Осылайша олар HomeTech & Electra 2026 көрмесіне нақты іскерлік мақсатпен келіп, серіктестермен жыл бойы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

2026 жылдың мамыр-маусым айларында HomeTech & Electra 2026 көрмесіне дайындық аясында Қытайдың Нинбо, Фошань қалалары мен Гуандун провинциясынан келген 60-тан астам өндірушінің қатысуымен онлайн B2B-кездесулер сериясы өткізілді.

Мұндай тиімді әрі тікелей жұмыс форматы сатып алушыларға, дистрибьюторларға, көтерме сауда компанияларына, сауда желілеріне, маркетплейстерге және тұрмыстық техника мен электроника сататын мамандандырылған дүкендерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар бұл алаң өңірлік кәсіпкерлер, құрылыс және сервистік ұйымдар үшін, сондай-ақ жаңа әрі болашағы зор тауар бағыттарын іздеп жүрген кез келген бизнес үшін маңызды құралға айналады.

Клубтық форматқа Қазақстан өңірлеріндегі кәсіпкерлер де үлкен қызығушылық танытуда. Биыл маусым айының басында Ақтау, Астана, Түркістан және Тараз қалаларында HomeTech & Electra 2026 көрмесі мен B2B Way Club жобасының таныстырылымдары өтті. Іс-шаралар Кәсіпкерлерді қолдау республикалық орталығы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл – үлкен жолдың бастамасы ғана.

«HomeTech & Electra 2026 – жай ғана тауар көрмесі емес, елдер арасындағы шекараларды жойып, қазақстандық бизнестің өндірушілермен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін қуатты іскерлік платформа. Бұған дейінгі жылдардағы тәжірибе бұл форматтың жоғары тиімділігін дәлелдеді. Біздің алаңдарымызда әлемнің 10 елінен 250-ден астам жетекші компания бас қосып, нәтижесінде Wildberries, Технодом және Halyk Market секілді ірі нарық ойыншыларымен жүздеген келісім жасалды. Жаңа маусымда қатысушылар саны екі есеге жуық артты. Бұл отандық кәсіпкерлер үшін бұрынғыдан да кең мүмкіндіктер ашады. Бір жерде ондаған жеткізушіні салыстырып, сатып алу шығындарын азайтып, жаңа тауарлық трендтерді елге алғашқылардың бірі болып әкелуге болады», – деді World Silk Way ЖШС директоры, HomeTech & Electra 2026 жобасының жетекшісі Азат Әсембай.

Оның айтуынша, Алматыда тікелей келісімдер жасау компаниялар мен маркетплейстерге айтарлықтай бәсекелік артықшылық беріп, ұзақ мерзімді өсудің берік негізін қалайды. Осылайша Қазақстанда жай ғана кездесу алаңы емес, бүкіл өңірдің сауда қауымдастығын біріктіретін ірі орталық қалыптасып келеді.

Іс-шараның ресми сайты – hometechelectra.com. Ұйымдастырушылар туралы толық ақпарат пен байланыс деректерін worldsilkway.com ресми сайтынан табуға болады.

HomeTech & Electra 2026 – тұрмыстық техника, электроника, электротехникалық өнімдер, жарықтандыру жүйелері, климаттық техника, «ақылды үй» шешімдері, құрылыс материалдары және сабақтас салаларға арналған халықаралық B2B көрмесі.