
Иран Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне 30-дан астам елдің делегациялары қатысатынын мәлімдеді.
Media.az ақпаратына қарағанда, 90-нан астам елдің діни көшбасшылары да рәсімге қатысуға дайын екенін жеткізген.
Бұл туралы Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі ұлттық штабтың хатшысы Әли Акбар Пурджамшидиан мәлімдеді.
Оның айтуынша, көптеген мемлекет Иранға ресми түрде өтініш жолдап, марқұмның рухына құрмет көрсету үшін өз делегацияларын жіберетінін растаған.
Еске салайық, Әли Хаменеимен қоштасу және жерлеу рәсімдері 4–9 шілде аралығында Тегеран, Қом және Мешхед қалаларында өтеді.
Әли Хаменеи 28 ақпанда Тегеранға жасалған соққылар кезінде қаза тапқан. Оның орнына Иранның жоғарғы көшбасшысы болып Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи сайланды.