Жаңалықтар

Өзбекстан халқы 39 миллионнан асты

Фото: KursivMedia мұрағаты
Фото: KursivMedia мұрағаты

Өзбекстанда халық санағының алдын ала қорытындысы жарияланды. Ел халқының саны алғаш рет 39 миллионнан асқан.

Gazeta ақпаратына қарағанда, 2026 жылғы 15 қаңтардағы мәлімет бойынша, Өзбекстанда 39 млн 47 мың 321 адам тұрады. Бұл бұрынғы статистикалық есептен 810,6 мың адамға (2,1%) көп.

Ұлттық статистика комитетінің төрағасы Бехзод Хамраевтың айтуынша, халықтың 19,77 миллионы (50,6%) – ерлер, ал 19,28 миллионы (49,4%) – әйелдер.

Этникалық құрам бойынша тұрғындардың 89,4% –  өзбектер. Одан кейін тәжіктер – 1,28 млн (3,27%), қарақалпақтар – 841,4 мың (2,15%), қазақтар – 707,3 мың (1,81%), орыстар – 606,5 мың (1,55%). Сондай-ақ елде 219,1 мың қырғыз, 194,8 мың түрікмен және 300 мыңға жуық өзге ұлт өкілдері тұрады.

Халықтың 54,5%-ы (21,3 млн адам) қалада, ал 45,5%-ы (17,8 млн адам) ауылдық жерлерде өмір сүреді.

Жас құрылымы бойынша 12,5 млн адам еңбекке қабілетті жасқа дейінгі, ал 21,7 млн адам еңбекке қабілетті жаста. Бұл көрсеткіш бұрынғы есептен 400 мың адамға көп.

Айта кететін жайт, Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп су тапшылығы мәселесін шешпек.