Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны полиция көлігін ұрлап қашып, жол апатына түсті (видео)

Павлодарда полиция көлігін ұрлап қашып,, жол апатына түсті
Оқиға куәгерлері жол апатына ұшыраған полиция көлігін видеоға түсірді / фото: Instagram/ti.pavlo видеосынан скриншот, ЖИ өңдеген

Павлодар қаласында полиция автокөлігін ұрлап қашып, жол апатына түскен бір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр.

Оқиға 29 маусымда түнде болған. Құзырлы мекеменің алдын ала мәліметінше, масаң күдікті сол күні дүкен тонап қана қоймай, полиция автокөлігін ұрлап қашқан. Бұған қоса, ол осы көлікпен жол апатына ұшыраған.

Полиция мәліметінше, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Мәліметтерге қарағанда, полиция көлігін басқарған күдікті бір таксимен соқтығысып, бағанға соғылып, жол ережесі белгісін жайпап өткен.

Оқиға куәгерлері түсірген видеоға қарағанда, ақ түсті такси көлігі айтарлықтай зардап шеккен. Ал ұрланған полиция көлігі ірі темір бағанның алдында аударылып жатыр.

Тергеу жүріп жатыр. Полиция қызмет көлігін ұрлап қашуға жол бергендерді анықтауға кірісті.

29 маусымда Түркістан облысында ірі жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапқан.